Профессорлар қатары жаңа есіммен толықты!


Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешіміне және 2026 жылғы 14 сәуірдегі №278 бұйрығына сәйкес, Имашев Асқар Жанболатұлына «Тау-кен ісі және минералды шикізатты өңдеу» ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

Құрметті Асқар Жанболатұлы!

Сізді ғылым саласындағы жоғары жетістігіңізбен және профессор ғылыми атағыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Қажырлы еңбегіңіз бен ғылыми-педагогикалық қызметіңіз жас ұрпақты тәрбиелеу мен еліміздің ғылымын дамыту ісіне зор үлес қосып келеді. Сізге мықты денсаулық, жаңа шығармашылық табыстар мен биік белестер тілейміз!

Без рубрики