Saginov Technical University Әлімхан Ермековке арналған дөңгелек үстел өткізді


29 мамырда Саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандары күні қарсаңында Saginov Technical University «Алаш» партиясының негізін қалаушылардың бірі, қазақтың тұңғыш профессор-математигі, қоғам және мемлекет қайраткері Әлімхан Ермековке арналған дөңгелек үстел өткізді.

Әлімхан Ермеков – өз Отанының мыңдаған шынайы патриоттарымен бірге жазықсыз саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың бірі. Олардың көпшілігі ешқандай сотсыз және тергеусіз атылып кетті.

Тоталитарлық режимнің құрбаны болған миллиондаған адамдарды еске алу туралы Президенттің Жарлығымен 1997 жылы 31 мамырды Саяси қуғын-сүргін мен жаппай ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жарияланды. Осыған байланысты Әлімхан Ермековке арналған дөңгелек үстел оның өмірі мен қызметін ғана емес, Тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстан халқының ғасырлық ұмтылыстарын жүзеге асырған ел тарихының тұтас қабатын қамтыды.
Оны «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың, т.ғ. к., қауымдастырылған профессор Зәуре Картова ашты, ол биыл Әлімхан Әбеуұлы Ермековтың 135 жылдығы атап өтілетінін еске салды.
Әлімхан Ермековтің тарихи тұлғасын ашу, оның ғылым және мемлекеттік басқару саласындағы қызметі, қазақстандықтардың қазіргі ұрпағы үшін лайықты үлгі болып табылатын Отанға деген сүйіспеншілігі мен адалдығы туралы айту – дөңгелек үстелді ұйымдастырушылардың алдына қойған басты мақсаты болды.
Осы мақсаттарға Басқарма мүшесі – Әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі проректор Абай Калыковтың; т. ғ. к., профессор Ибатолла Арыстанның; т. ғ. к., «Қазақстан тарихы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Сәуле Қасымованың; педагогика ғылымдарының магистрі Талғат Мақалақовтың; Е. А. Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ-нің докторанты Әділет Жағыпардың және т. б. мазмұнды және қызықты баяндамалары арқасында сәтімен қол жеткізілді.
Дөңгелек үстел барысында «Алаш» партиясының негізін қалаушылардың бірі ретінде Әлімхан Ермековтың қоғамдық және саяси қызметі; еліміздің аумағының негізгі тұтастығын сақтап қалудағы еңбегі; қазақ тіліндегі тұңғыш математика оқулығын жазып шығаруы; біздің университеттегі еңбек еткен мерзімі және тағы басқалар көрініс тапты.
Дөңгелек үстелге қатысушылардың әңгімесін Әлімхан Ермековтың өзінің жанды дауысымен көрсетілген бейнефильм толықтыра түсті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар атап айтқандай, өткенді еске алмай, қазіргі уақыттың болуы мүмкін емес. Біздің бүгінгі күніміз, мәдениетіміз бен жеке тұлғамыз алдыңғы ұрпақтардың тәжірибесіне, қателіктері мен жетістіктеріне негізделген.
Әлімхан Ермековтың өмірі – Отанға деген жанқиярлықтың және мүлтіксіз қызмет етудің жарқын үлгісі болып табылады. Ол Қазақстан тарихында терең із қалдырды және ол кісі туралы естелік ризашылық сезімдегі қазақстандықтардың жүрегінде мәңгі сақталатын болады.

Без рубрики