Saginov Technical University студенттері республикалық студенттік спорт лигасында футзалдан II орын иеленді


Еліміздің 50 жоғары оқу орнынан 2500-ден астам студент қатысқан Республикалық студенттік спорт лигасының финалдық кезеңі өз мәресіне жетті. Жарыстар спорттың 7 түрі бойынша өтті: волейбол, баскетбол, футзал, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат және қазақ күресі.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері футзал жарыстарында жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, финалға дейін жетті. Шешуші кездесуде олар Атырау құрамасына 0:2 есебімен есе жіберіп, турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Финалға дейін STU құрамасы Шымкент, Алматы және Ақтөбе қалаларының командаларын жеңіп, тыңғылықты дайындық пен командалық бірліктің үлгісін көрсетті.

Жалпы, университет құрамасы соңғы жылдары тұрақты түрде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Атап айтқанда:

2023 жылы — Қазақстан чемпионатында II орын;

2024 жылы — Қазақстан чемпионатында I орын;

2025 жылы — Қазақстан Республикасының чемпионатында II орын;

2026 жылы — Республикалық студенттік спорт лигасында II орын.

Бұл жетістіктер университетте спортты дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстың және студенттердің жоғары спорттық даярлығының айқын дәлелі. Командамызды кезекті жетістігімен құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілейміз!

Без рубрики