22 мамырда техника ғылымдарының докторы, Қазақстандық көпбейінді қайта құру және дамыту институты (ҚазКҚДИ) директоры Жмағұл Смағұлұлы Нугужиновтың 70 жылдығына арналған «Құрылыстағы ғылым, инновациялар, техникалық реттеу және инжиниринг: цифрлық және интеллектуалды технологиялар, жай-күйі мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы жұмысын аяқтады.
Негізгі ғимаратта таңғы уақытта секциялық отырыстар өтті. Олар конференцияның өзі сияқты жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Конференция қатысушылар санымен және олардың сапалық құрамымен ерекшеленді.
Секциялық отырыстар аяқталған соң, Абылқас Сағынов атындағы КарТУ конференц-залында конференцияның қорытындылары шығарылды.
Оның қатысушылары бірауыздан конференция ғылыми қауымдастықтың да, құрылысқа қатысы бар кәсіпорындар мен ұйымдар өкілдерінің де кең назарын аударғанын атап өтті. Бұған талқылауға шығарылған тақырыптардың өзектілігі, сондай-ақ күн тәртібіндегі мәселелерді шешудің қызықты тәжірибесі мен тәсілдері себеп болды.
Конференция барысында барлығы 116 баяндама келіп түсті. Оның ішінде 57-сі Қазақстан Республикасынан, 59-ы жақын және алыс шетелдерден. Конференция еңбектерінің жинағы қалыптастыру және баспаға дайындау сатысында.
Конференцияның белсенді қатысушыларына Абылқас Сағынов атындағы КарТУ Басқарма Төрағасы – Ректоры Сәуле Сағынтаева қол қойған сертификаттар табысталды.










