Saginov Technical University спорт кешенінде ҚазМИРР директоры, т.ғ. д., профессор Жұмағұл Нұғожиновтың 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция қарсаңында профессор-оқытушылар құрамы мен 40 жастан асқан ЖОО түлектері арасында волейболдан ЖОО аралық жарыс өтті. Бұл ретте, жарыс шарттары бойынша команда қатысушыларының бірі 60 жастан асқан болуы тиіс.
«ҚазМИРР», «ҚарТУ түлектері», «МУК-ҚЭУ» біріккен командасы – 1-ші топ; «ҚарТУ», «Политех түлегі», «Букетов», «ҚХА» (Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ) – 2-ші топ командаларының жарысқа қатысушылары Жұмағұл Нұғожиновты, жарыс қонақтары – шетелдік Eun Chul Shin университетінің профессоры Николай Ватинді, сондай-ақ Қытай этномәдени орталығының жетекшісі Петр Янді; университетіміздің негізін қалаушы Әбілқас Сағыновтың немересі, Асқарды; волейболдан дәстүрлі жарыстардың бастауында тұрған «Тарих» кафедрасының профессоры Құдайберген Темірғалиевті, сәулет-құрылыс факультеті деканының орынбасары Абайдолла Түсіпбековті қарсы алды.
Олар еліміздің құрылыс саласының дамуына елеулі үлес қосқан Жұмағұл Нұғожиновтың мерейтойына орайластырлған тамаша жарыстың ашылуымен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыс ымырасыз тартыспен өтті. Жарыс жеңімпазының ойынның соңғы минуттарында анықталатындығы белгілі. Дегенмен, әрқашан мықты команда ғана жеңіске жетеді.
Нәтижесінде «Политех түлектері» командасы бірінші орынды иеленді.
Екінші және үшінші орындарды «ҚарТУ түлектері» және «МУК-ҚЭУ» біріккен командасы бөлісті.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға жаңа спорттық жетістіктер тілейміз!









