Saginov Technical University өкілдері Жаңаарқа ауданында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді


Saginov Technical University-дің Маркетинг және кәсіптік бағдар беру жұмысы бөлімі Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы мектеп түлектерімен кәсіби бағдар беру кездесулерін өткізді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт беру және университеттің білім беру мүмкіндіктерімен таныстыру.

Кездесу барысында талапкерлер университет пен колледждегі білім беру бағдарламалары, заманауи әрі сұранысқа ие мамандықтар, грант негізінде оқу мүмкіндіктері және 2026 жылғы қабылдау талаптары туралы жан-жақты ақпарат алды. Сонымен қатар оқушыларға ҰБТ бойынша шекті баллдар, оқу үдерісінің ерекшеліктері, студенттік өмір, жатақхана, академиялық ұтқырлық бағдарламалары мен халықаралық білім беру мүмкіндіктері таныстырылды.

Сонымен қатар, техникалық мамандықтардың еңбек нарығындағы сұранысы, өндірістік тәжірибе базалары, серіктес кәсіпорындар және түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды.

Кәсіптік бағдар беру кездесулері келесі білім беру ұйымдарында өтті:

– «Еламан Шаханов атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ;

– «Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ;

– «Оразалы Жұмабеков атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ;

– «Бименде Амалбеков атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ;

– «Ақселеу Сейдімбек атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ;

– «№1 мектеп-лицей» КММ.

Жалпы кездесулерге 167 оқушы қатысты. Ашық форматта өткен кездесулер барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, мамандық таңдау бойынша қажетті мәліметтермен танысты.

Іс-шараға университет тарапынан:

– Маркетинг және кәсіптік бағдар беру жұмысы бөлімінің жетекшісі Жанболат Ибрайбеков;

– «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының инженері Еркебұлан Нартбай қатысты.

Мұндай кездесулер талапкерлердің техникалық бағыттағы мамандықтарға қызығушылығын арттырып, болашақ кәсіби бағдарын айқындауға мүмкіндік береді.

 

Без рубрики