7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің әскери кафедрасында салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Нүсіпбеков Бекболат Рақышұлы университет ұжымын мерекемен құттықтап, Отан қорғаушылар күні ел қауіпсіздігі мен бейбіт өмірдің кепілі саналатын маңызды мерекелердің бірі екенін атап өтті.
Салтанатты жиын аясында қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары кәсібилік танытқан қызметкерлер марапатталды.
Қарағанды қаласы әкімінің грамотасымен марапатталғандар:
– Дарманкулов Мурат Ильтаевич – әскери кафедра бастығы;
– Ахматов Талантбек Казымалиевич – аға оқытушы;
– Сюзбин Александр Николаевич – оқу бөлімінің бастығы;
– Алишев Болат Жаманбаевич – аға оқытушы;
– Касян Николай Иванович – аға оқытушы;
– Боранбаев Болат Қабыкенович – аға оқытушы;
– Мухамеджанов Жәнібек Жұмабаевич – аға оқытушы.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің алғыс хатымен марапатталғандар:
– запастағы полковник Дарманкулов Мурат Ильтаевич – әскери кафедра бастығы;
– запастағы полковник Сатылханов Асқар Тұрсынович – әскери кафедра бастығының орынбасары;
– запастағы полковник Батырбеков Есжан Оралбекович – цикл бастығы;
– запастағы полковник Ахматов Талантбек Казымалиевич – цикл бастығы;
– запастағы полковник Истимесов Марат Буромбаевич – цикл бастығы;
– запастағы сержант Белиспаев Данияр Талғатович – әскери кафедра инженері.
Іс-шара соңында әскери кафедраның шығармашылық ұжымы концерттік бағдарлама ұсынып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


