Алматы қаласы, 23–24 сәуір 2026 жыл
Форум жұмысына «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» жанындағы Инновациялық технологиялар колледжінің директоры
Смагулова Нурбиби Абсадыковна қатысып, логистика саласында кадрларды даярлау, білім беру мен өндіріс арасындағы тиімді өзара іс-қимылды дамыту мәселелері бойынша баяндама жасады
Сонымен қатар, колледж директорының оқу-өндірістік тәжірибе жөніндегі орынбасары Таттымбетова Эльмира Танатаровна «Дуалды оқыту жүйесінде өндірістік практиканы ұйымдастыру механизмдері» тақырыбында баяндама жасап, өз тәжірибесімен бөлісті
Форум барысында цифрлық логистика, жасанды интеллект технологияларын енгізу, дуалды оқыту жүйесін жетілдіру және халықаралық тәжірибе алмасу мәселелері қарастырылды.
Аталған іс-шара білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы әріптестікті нығайтуға, сондай-ақ заманауи талаптарға сай бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған маңызды алаң болды.