2026 жылғы 17 сәуірде орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша облыстық олимпиада өтті.


Іс-шараға Қарағанды облысы бойынша әртүрлі қалалар мен оқу орындарынан келген студенттер қатысты. Жалпы олимпиадаға 29 колледждің білім алушылары қатысты.
«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Инновациялық технологиялар колледжінің атынан КСЭС 9/25-2 тобының студенті Рогожкин Данил қатысып, оған оқытушы Кулейменова Ляйля Махаевна жетекшілік етті.
Олимпиада бірнеше кезеңнен тұратын: грамматика, мәтінді талдау және эссе жазу бойынша тапсырмаларды қамтыды.
Олимпиада жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар арасында салауатты бәсекелестік пен білімге деген қызығушылық айқын байқалды. Қатысушылардың барлығы жоғары деңгейде өз білімдерін көрсетті. Соған қарамастан Данил ерекше нәтиже көрсетіп, өз білімін дәлелдей білді. Нәтижесінде ол жүлделі І орынды иеленіп, өз колледжінің абыройын асқақтатты.

Без рубрики