1 курс студенті Дауренбеков Әділжан Айтжанұлы адамгершілік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетіп, қоғамға үлгі боларлық игі іс жасады.


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті КеАҚ Инновациялық технологиялар колледжінің 1 курс білім алушысы Дауренбеков Әділжан Айтжанұлы адамгершілік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетіп, қоғамға үлгі боларлық игі іс атқарды.👍
Адамгершілік пен батылдық – әр адамның бойынан табыла бермейтін асыл қасиет. Осындай қасиеттерді бойына сіңірген колледжіміздің студенті тағы бір мәрте бізді қуантты!
01.04.2026 жылы 13 жастағы Бейбарыс атты жоғалған баланы аман-есен тауып, үлкен ерлік көрсеткен студентімізге алғысымыз шексіз! Қиын сәтте бейжай қарамай, дер кезінде көмек қолын созып, баланың отбасына зор қуаныш сыйлады.
Бұл – тек ерлік қана емес, бұл – жүректің тазалығы, жауапкершілік пен нағыз азаматтықтың белгісі!
Біз осындай білім алушыларымызбен мақтанамыз! Колледж ұжымы атынан аталған студентке алғыс білдіре отырып, оның бұл игі ісі мақтан тұтарлық, жастарға үлгі болатыны анық. Осындай саналы, жауапты жастар – ел болашағының берік негізі.
Әділжан – сіздің болашағыңыз жарқын боларына сеніміміз мол!
💙 Жақсылық жасау – әр жүректен басталады!

Без рубрики