1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!


Бұл айтулы күн – еліміздің береке-бірлігін, татулық пен өзара құрметке негізделген қоғам құндылықтарын айшықтайтын ерекше мереке. Бірлік бар жерде – тұрақтылық бар, ал тұрақтылық бар жерде – даму мен жарқын болашақ бар.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті – сан алуан мәдениет пен ұлт өкілдері тоғысқан үлкен білім ордасы. Біздің ортақ мақсатымыз – сапалы білім беру, ғылымды дамыту және ел игілігіне қызмет ету жолында бірлесе еңбек ету.

Осы мереке күні баршаңызға мықты денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға амандық пен шаттық тілейміз.

Еліміздегі бейбіт өмір мен татулық мәңгілік болсын!

Без рубрики