«САЯСАТТАНУ ХАКАТОНЫ. ЖАДЫМДАҒЫ ЕСТЕЛІК: БОЛАШАҚ ҮШІН ТАРИХ САБАҚТАРЫ»


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне, КарЛагтың құрылғанына 95 жыл толуына орай осы тақырыпта зияткерлік дөңгелек үстел өткізілді. Оның мақсаты – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті студент жастарының әділ, толерантты және құқықтық қоғам құру үшін өткеннен сабақ алуға бағытталған жобалық, талдамалық қызмет арқылы КарЛагтың 95 жылдығы мысалында саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық туралы тарихи естелікке тұтас, рефлексивті және белсенді қатынасты қалыптастыру болып табылады.

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы ұйымдастырған іс-шараға ғалымдар, ғылыми қызметкерлер,этномәдени орталықтардың жетекшілері, студенттер қатысты.

Дөңгелек үстел басындағы алғашқы сөзді Чешен-ингуш этномәдени «Вайнах» бірлестігі ақсақалдар алқасының төрағасы Сулим Исакиев алып, Бірінші мамыр мерекесі халықтар достығын нығайта түсетін ұлы мереке екендігіне тоқталды. Сонау Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде күштеп жер аударылған халықтардың қазақ даласында бірге туғандай қамқорлық көргенін әңгімеледі. Солардың бірі чешен және ингуш халықтары болатын. Оның сөзін Чешен-ингуш этномәдени бірлестігінің жетекшісі Увайс Джанаев жалғастырып, қаншама халыққа пана болған қазақ халқына деген алғысын білдірді.

Одан соң Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған еске алу музейінің ғылыми қызметкері Екатерина Вожжова дөңгелек үстелге онайн қосылып, музей туралы тамаша әңгіме айтып берді.

Поляктардың «Полония» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Виталий Альбертович Хмелевский Қазақстандағы халықтар достығына ешқашан сызат түспейтін берік ынтымақтастық орта екендігін тілге тиек етті.

Дөңгелек үстел жұмысына қатысқан Сәулет-құрылыс факультетінің деканы Данияр Токанов іс-шара соңында қонақтарға Алғыс хттар табыс етті.

 

Без рубрики