Академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру және «XVIII Сағынов оқулары. Білім, ғылым және өндіріс интеграциясы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысу аясында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Басқарма төрағасы – ректоры Сауле Сагинтаева И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті өкілдерімен кездесті.
Делегация құрамында «Кәсіпорындағы экономика және басқару» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы: э.ғ.к., доцент Майрам Мааданбекова, PhD докторы, доцент, білім беру бағдарламасының жетекшісі Зульфия Тохтыева, э.ғ.к., халықаралық байланыстарға жауапты доцент Адиля Омурбекова, PhD докторы, доцент Индира Курбанова, э.ғ.к., магистратураға жауапты доцент Нургуль Алджембаева, аға оқытушы, кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты Замира Жолдошова.
Кездесу барысында Сауле Сагинтаева халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту, серіктестік байланыстарды кеңейту және жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-білім беру өзара іс-қимылын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Тараптар академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыру, білім беру және ғылыми саладағы тәжірибе алмасу, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды дамыту және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.


