Saginov Technical University-де Ғылыми кеңестің отырысы өтті


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтіп, оның барысында студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның жетістіктері атап өтілді. Басқарма төрағасы-ректор Сауле Сагинтаева қатысушыларды қол жеткізген жоғары нәтижелерімен құттықтады.

«Оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында Диас Қарсақбай және Манатбек Шерхан 1 орынға ие болды, ал Ярослав Кашталяр мен Шәкен Нұрай 2 орын иеленді. «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша өткен XVIII республикалық пәндік олимпиадада Александр Будко жеке есепте 1 орын алды, ал университет командасы командалық есепте жеңімпаз атанды. «Ақпараттық жүйелер» бағдарламасы бойынша университет командасы командалық есепте 1 орын иеленді. «Автоматтандыру және басқару» бағыты бойынша Давид Копылов жеке есепте 1 орын алып, университет командасы командалық есепте жеңіске жетті. «Материалтану және жаңа материалдар» бағыты бойынша Екатерина Кравченко мен Аида Марат командалық есепте 1 орын иеленді, ал Екатерина Кравченко жеке есепте де 1 орынға ие болды. Азия чемпионатында студент Зейнел Алмаз екі алтын медаль жеңіп алды.

Сонымен қатар, университет доценті В.А. Андреященкоға «Материалтану және материалдар инженериясы» ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

Отырыста сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің қызметі туралы есептер тыңдалды. Жастар саясаты департаментінің директоры Г.Х. Адамова студенттердің жетістіктері мен іске асырылып жатқан жобалар туралы баяндама жасады. Редакциялық-баспа орталығының жетекшісі К.К. Сагадиева орталықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы ақпарат ұсынды. Ақпараттық технологиялар департаменті директорының міндетін атқарушы Ф.А. Якусевич университеттегі цифрландыру үдерістерін іске асыру туралы мәлімет берді.

Отырыстың соңында 2026–2027 оқу жылына арналған академиялық күнтізбе қарастырылып, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Б.К. Курмашева тарапынан ұсынылды.

Ғылыми кеңес отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, университет қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстар берілді.

Без рубрики