Saginov Technical University-де кафедра меңгерушілері үшін оқыту тренингі өтті


Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-де кафедра меңгерушілері үшін оқыту тренингі өтті. Іс-шараны ректордың HR жөніндегі кеңесшісі Алия Орсаева  «Қарағанды Энергоцентр»ЖШС-мен бірлесе ұйымдастырды.

Тренингтің негізгі мақсаты – кафедра меңгерушілерінің басқарушылық құзыреттерін арттыру, тиімді коммуникация және командалық өзара іс-қимыл дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ білім беру саласында заманауи кадрлық басқару тәсілдерін қолдануға үйрету.

Тренингті оқыту бойынша жетекші маманы Светлана Селищева жүргізді. Бағдарлама аясында көшбасшылық, қызметкерлерді ынталандыру, жұмыс жағдайларын шешу және кафедра қызметін тиімді ұйымдастыру мәселелері қаралды. Практикалық бөлімге кейстерді талдау, топтық пікірталастар және тәжірибе алмасу кірді, бұл қатысушыларға теориялық білімдерін нақты басқарушылық жағдайларда қолдануға мүмкіндік берді.

Іс-шараны ұйымдастырушы ректордың HR жөніндегі кеңесшісі Алия Орсаева атап өткендей, мұндай бастамалар кадрлық әлеуетті жүйелі түрде дамытуға, кафедра меңгерушілерінің басқарушылық қабілеттерін арттыруға және заманауи HR тәжірибелерін енгізуге ықпал етеді. Бұл университеттің басқарушылық кадрларды кәсіби даярлау және білім беру сапасын арттыру стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады.

[/su_custom_gallery]
Без рубрики