Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде ҚР ЖОО Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің Оқу-әдістемелік бірлестігі – жобаларды басқару тобының (ОӘК-ЖБТ) кеңейтілген отырысы өтті.
Іс-шараның тақырыбы: «Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша мамандарды даярлауға жасанды интеллект технологияларын ықпалдастыру: білім беру және іс-тәжірибелік аспектілер».
Шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдерін, жетекші отандық және шетелдік сарапшыларды, жұмыс берушілерді, сондай-ақ инженерлік, тау-кен ісі, стандарттау, метрология және еңбекті қорғау салаларында кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының өкілдерін біріктірді. Кездесудің негізгі мақсаты — цифрландыруды және жасанды интеллект технологияларын енгізуді ескере отырып, мамандарды даярлаудың заманауи тәсілдерін әзірлеу.
Пленарлық және панельдік отырыстар шеңберінде техносфералық қауіпсіздік саласында кадрлар даярлауды жетілдіру, кәсіби тәуекелдерді бағалауды цифрландыру, еңбек гигиенасын дамыту, сондай-ақ цифрлық экономика жағдайында HR-саясатты трансформациялау мәселелері қаралды. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының басымдығына бағдарланған өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Спикерлер қатарында мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың және ірі өнеркәсіптік компаниялардың өкілдері — Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты, Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы», «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Тау-Кен Самұрық «ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ, «Шұбаркөл көмір» АҚ және т.б.
Отырыс қорытындысы бойынша қарар қабылдау және бірлескен жобаларды, воркшоптарды өткізуді және жобалау топтарын қалыптастыруды қоса алғанда, алдағы қадамдарды айқындау болды.








