«SAGINOV’S JAS ZERTTEÝSHILERI»


Құрметті әріптестер!

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті «SAGINOV’S JAS ZERTTEÝSHILERI» жастар арасында ғылыми жобалар конкурсының басталғаны туралы хабарлайды! Бұл конкурс жас зерттеушілерге өздерінің ғылыми идеяларын жүзеге асыруға және ғылымның дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.

Конкурстың мақсаты — университеттің жас ғалымдарының ғылыми әлеуетін қолдау және дамыту, сондай-ақ инновациялық зерттеулерді ынталандыру.

Қатысу шарттары және қаржыландыру:

  • 2026 жылға арналған 7 грант қарастырылған;
  • Әр гранттың көлемі — 500 000 теңге;
  • Қаржыландыру ең перспективалы ғылыми жобаларды іске асыруға бағытталған.

Қатысу шарттары:

Қатысушылар — Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің штаттық оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда);

Өтінімдерді қабылдау мерзімі —20.04 — 08.05.2026 ж.;

Өтінімдер Инновациялар және ғылыми-техникалық бағдарламалар бөліміне (220-кабинет, бас корпус) қағаз түрінде және электрондық форматта INTP.department@ktu.edu.kz

поштасына қабылданады.

Конкурс өткізу мерзімі:

  • Қорытынды шығару — 15 мамырға 2026 ж.

Байланыс телефондары:

Конкурс туралы ереже

 

Без рубрики