Жастар ел болашағы: студенттерге Конституциялық өзгерістер түсіндірілді


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде жаңартылған Конституция ережелерін түсіндіруге арналған студенттермен кездесулер жалғасуда. Кезекті іс-шара металлургия және машина жасау факультетінің студенттерімен өтті. Оған факультет деканы Астра Макашева мен оқытушылар да қатысты.

Кездесу барысында әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі проректор Абай Қалықов мұндай шаралардың жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруда маңызды екенін атап өтіп, елдің ертеңі – жаңа конституциялық қағидаттарға сүйеніп, Қазақстанның болашағын қалыптастыратын жас буынның қолында екенін студенттерге жеткізді.

Сондай-ақ «ҚХА және ӘГП» кафедрасының аға оқытушысы Гүлзада Альжанова баяндама жасап, конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттарын, олардың тәжірибелік маңызын және елдің болашағына әсерін түсіндірді.

Кездесу барысында жастардың Конституцияның мәнін терең түсінуі, азаматтық жауапкершілігін сезінуі және ел дамуына белсенді араласуының маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Без рубрики