«Case study: жоғары рейтингті журналдарда жарияланудың табыс формуласы және практикалық аспектілері»
Семинар жоғары рейтингті журналдарда ғылыми мақалаларды жариялаудың нақты тәжірибесін талдауға арналған. Қатысушылар рецензиялау үдерісінен сәтті өтудің негізгі факторларымен, сондай-ақ ғылыми жұмысты дайындау және ұсынудың практикалық аспектілерімен танысады.
Кездесу барысында келесі мәселелер қарастырылады: авторлардың жиі жіберетін қателері және олардан сақтану жолдары; рецензенттермен және редакциямен өзара әрекеттесу ерекшеліктері; практикалық кейсті талдау: зерттеу идеясынан бастап жарияланымға дейінгі кезеңдер.
Спикер: Копобаева Айман Ныгметовна PhD, «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті)
Семинар халықаралық журналдарда жариялануды жоспарлап жүрген жас зерттеушілерге, магистранттар мен докторанттарға пайдалы болады.