Кезекті сессия қарсаңында студенттермен кездесулер өткізілді


10-16 сәуірі аралығында Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Нүсіпбеков Б.Р. университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметімен бірге 2 және 3-курс студенттерімен кездесулер өткізді. Бұл жүздесулер сынақ пен емтихан тапсыруға дайындық барысын пысықтауға арналды. Жалпы саны 1944 студент қамтылды.

Кездесу барысында оқытушылардың студенттерге білімді жүйелеп беруі, қиын тақырыптарды түсіндіруі, психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетуі және оқу үдерісін дұрыс ұйымдастыруы жайы сөз болды. Сондай-ақ, студенттерге жайлы оқу ортасын қалыптастыру, өткен материалды қайталап, бекіту және қажет болған жағдайда қосымша кеңес беру мәселелері де айтылды.

Студенттерге университеттің академиялық талаптарын сақтау, адал оқып, емтиханды әділ тапсырудың маңызы ескертілді. Жалпы, мұндай кездесулер білімнің қадірін арттырып, әділдік пен жауапкершілікті бірінші орынға қоятын орта қалыптастыруға жол ашады. Осындай ұстаным ғана ертең елге қызмет ететін, заман талабына сай білікті мамандарды тәрбиелеуге негіз болады.

Без рубрики