STU-де тұрақты даму тенденциялары мен экологиялық инновациялар талқыланды


Ғылым қызметкерлері күні аясында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті тау-кен факультетінің «Өндірістік қауіпсіздік және экология» кафедрасы «Тұрақты даму және экологиялық трендтер» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Шараны Ғылым және инновация жөніндегі проректор Али Мехтиев ашты. Кафедра оқытушылары PhD Цешковская Е.А. және т.ғ.к. Цой Н.К. тұрақты даму бағыттары мен қазіргі экологиялық трендтер жайлы баяндама жасады.

Дөңгелек үстелге қонақ ретінде «ПроектСервис» ЖШС өкілдері Ахметова З. және Карсанова Л. қатысып, тәжірибелік жобалық шешімдерімен бөлісті. Сонымен қатар, ҚарТУ-дың тау-кен факультеті мен басқа факультет студенттері өз презентациялары мен ғылыми жұмыстарын ұсынды.

Шара табиғи ресурстарды сақтау, ең жақсы қолжетімді техникалар мен технологияларға көшу және экологиялық инновацияларды енгізу мәселелерін талқылайтын тиімді диалог алаңына айналды. Университет, факультет және кафедра басшылығы студенттерді осындай кездесулерге, конференциялар мен ғылыми зерттеулерге белсенді қатысуға шақырады.

Без рубрики