Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті 10–11 сәуір күндері Бейжің қаласындағы (ҚХР) 31-ші Қытай Халықаралық білім беру көрмесіне қатысуда.
Қазақстаннан барған делегация құрамында біздің университет өкілдері – әлеуметтік тәрбие ісі жөніндегі проректор Абай Қалықов және қауымдастырылған профессор (доцент) Медғат Мусаев бар. Аталған көрме университеттерге өздерінің білім беру бағдарламаларын халықаралық алаңда таныстыруға, академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге және Қытай Халық Республикасының жетекші білім беру ұйымдарымен әріптестік байланыстарды нығайтуға үлкен мүмкіндік береді.


