12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні


Бүгінде ғылым – тек зертханалармен шектеліп қана қоймай, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және жаңа болмысты қалыптастыратын инновациялармен ұштасқан кең сала. Ал ғалымдар – осы үдерістің басты қозғаушы күші.

«Ғылым жолы – күрделі жол. Өз ісіне адал, табанды, еңбекқор, жаңашыл әрі жасампаз адамдар ғана ғылым жолындағы қиындықтарға төтеп бере алады. Біз шын мәнінде озық ойлы ұлт боламыз десек, қоғамда осы қасиеттерді дәріптеп, орнықтыруымыз қажет. Ұлы Абай да өз заманында «Ғылым таппай мақтанба» деп өсиет қалдырды. Қазіргі технология қарқынды дамыған кезеңде біз үздіксіз ізденіске, терең білім мен ғылымға ерекше мән беруіміз керек», – деген Мемлекет басшысы ғылымды ұлттық шамшырақ деп атаған болатын.

Ғылым қызметкерлері күні құтты болсын! Осы саладағы ізденістеріңіз жемісті болып, еліміздің өркендеуіне қосар үлестеріңіз арта берсін!

Без рубрики