STU студенттері хакатонда үздіктер қатарынан көрінді


ҚарТУ-дың ақпараттық технологиялар факультетінің 2-курс студенттері Енлік Шынали мен Бірлік Әмірбеков «Ауыл» партиясы ұйымдастырған облыстық хакатонда 2-орынға ие болып, Астанада өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

Студенттер «Өндірістік қауіпсіздіктің предиктивті экожүйесі» жобасымен қатысты. ENACTUS-пен бірлесіп жүзеге асырылған жоба бұған дейін де түрлі байқауларда сыннан өткен. Нәтижесінде ұсынылған 25 жобаның ішінен үздік бестікке еніп, жоғары бағаланды.

Жастар алдағы уақытта ақпараттық технологиялар мен киберқауіпсіздік бағыттарында жаңа жобалар әзірлеп, ауқымды әрі инновациялық бастамаларды жүзеге асыруды мақсат етеді. Енлік Шынали мен Бірлік Әмірбековтің алдағы бастамаларына сәттілік тілейміз!

Без рубрики