2026 жылғы талапкерлер!


Негізгі ҰБТ-ға өтініш беру 2026 жылғы 11-25 сәуір аралығында app.testcenter.kz сайты және UTO.kz қосымшасы арқылы жүргізіледі.

МАҢЫЗДЫ (осы даталарды жаттап алыңыздар):

11-16 сәуір аралығында ҰБТ-ға бір рет өтініш беру;

17-25 сәуір аралығында бір немесе екі рет өтініш беру қолжетімді болады.

ҰБТ өткізу мерзімі: 2026 жылғы 10 мамыр – 10 шілде.

Тестіленушілер ҰБТ-ға өтініш беру кезінде ұсынылған тестілеудің өту ПУНКТІН, КҮНІН және УАҚЫТЫН өздері таңдайды.

Естеріңізге сала кетейік, аталған кезеңде сіз тестілеуді 2 рет тапсырып, екі сертификатыңыздың біреуімен (өз қалауыңыз бойынша) грант конкурсына қатыса аласыз немесе ақылы оқуға түсе аласыз.

Негізгі ҰБТ-ға қатыса алады:

орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;

шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар;

өткен жылғы мектеп және колледж түлектері;

ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар (қандастар);

шетелде білім алған бітіруші 11 (12) сынып оқушылары (Қазақстан Республикасының азаматтары).

Ағымдағы (2026) жылдың МЕКТЕП түлектері ҰБТ-ға ТЕГІН қатысады, қалған тұлғалар үшін тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге.

Толық ақпарат алу үшін

МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ БӨЛІМІ

Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56 (324 кабинет)

(call, w/app): +7 (7212) 56-78-38; +7 (700)-595-92-59; +7 (771) 031-02-10.

ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ

Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56/1, 1-корпус (102-кабинет)

(call, w/app): +7 (7212) 56-44-22;

 

Без рубрики