Saginov Technical University-де Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті


  Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Сауле Сагинтаева ұжымды кәсіби мерекемен құттықтап, қазіргі қоғамдағы ғылымның маңызды рөліне тоқталып, мемлекет тарапынан ғылыми салаға көрсетіліп отырған қолдаудың жүйелі түрде күшейіп келе жатқанын жеткізді: іргелі және қолданбалы зерттеулерді қаржыландыру көлемі артуда, ғылыми ұйымдар жаңғыртылуда, ғылыми әлеуетті дамытуға және зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізуге барынша жағдай жасалуда.
  Бұл шаралар ғылымның дамуына, жастардың қызығушылығын арттыруға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді. ҚарТУ ғалымдары Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді іске асыруға өз үлесін қосуда. Ғылым күніне арналған салтанатты шара барысында ғалымдар, профессорлық-оқытушылық құрам және университет қызметкерлері марапатталды.
  Ғылым, техника, технологиялар және инновациялар саласындағы елеулі жетістіктері, сондай-ақ ғылыми кадрларды даярлау мен тәрбиелеудегі табыстары үшін ҚР ҒЖБМ-нің «Ғылым үздігі» құрметті дипломымен марапатталды:
Кадыров Адиль Суратович – «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасының профессор-зерттеушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор;
Шорманбаева Динара Госмановна – «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы.
  Тіл саясатын дамытуға қосқан ерекше үлесі және тіл саласын жетілдіруге белсенді қатысқаны үшін ҚР ҒЖБМ-нің «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды: Түсіпбеков Жарқын Амантайұлы – «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы;
Қазақ тілінің мәртебесін арттырудағы шығармашылық белсенділігі және гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайту мен дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚР ҒЖБМ-нің «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен марапатталды:
Нұғман Бахредден Ғабдылбақиұлы – «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессор ассистенті, философия ғылымдарының кандидаты.
  Білім, ғылым және тіл саясаты саласындағы жоғары жетістіктері, табысты еңбегі және елеулі еңбегі үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталғандар:
Аубакиров Дастан Рахметоллаевич – «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы.
Танекеева Гаухар Джошина – «Кәсіпорын экономикасы және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы;
Ахматнуров Денис Рамильевич – «Метан энергетикасы» зертханасының жетекшісі, PhD докторы;
Дуганова Гульден Канатовна – Білім алушыларға қызмет көрсету орталығының әдіскері;
Табысты қызметі, шығармашылық белсенділігі және іс-шараларды өткізуге қосқан үлесі үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды:
Иманов Едил Куттыбаевич – «Құрылыс материалдары және технологиялар» кафедрасының меңгерушісі;
Абдин Азат Жасуланович – «Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект» кафедрасының оқытушысы;
Нуртай Маргулан Даутович – «Ақпараттық-есептеуіш жүйелер» кафедрасының оқытушысы;
Мусин Равиль Альтавович – «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), PhD докторы;
Макашева Анар Талгатовна – Ғылым және инновациялар департаментінің инженері.
Барлық марапат иелерін құттықтаймыз! Ғылыми және білім беру қызметінде табыс, жаңа жетістіктер және ең батыл идеяларды жүзеге асыруға шабыт тілейміз!
Без рубрики