STU-дың табысты түлектерімен кездесу өтті


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде шет тілдері кафедрасы «Менің табысым – менің нәтижем» атты кездесу ұйымдастырды.

Іс-шара бірінші курс студенттерін ынталандыруға, өз өміріне және кәсіби дамуына жауапкершілікпен қарауға үйретуге арналды. Шақырылған спикерлер – университеттің түлектері Еламан Жексенбаев пен Темірлан Байдельдинов медиа және іс-шараларды ұйымдастыру саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, өздерінің кәсіби жолдарымен бөлісті.

Кездесу барысында студенттер белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алып, пікір алмасты және интерактивті форматта талқылауларға қатысты. Бұл оларға таңдаған мамандықтың қыр-сырын тереңірек түсінуге және тәжірибелі мамандардан пайдалы кеңес алуға мүмкіндік берді.

Кездесу студенттерге өз өмірлік және кәсіби жолын саналы түрде таңдауға, мақсат қойып, өз қабілеттерін дамытуға ынталандырды.

 

Без рубрики