Saginov Technical University-де Қытай халықаралық серіктестермен пилотсыз ұшу аппараттары (дрондар) бойынша Халықаралық жазғы мектепті ұйымдастыруға арналған жұмыс кездесуі өтті. Университет атынан кездесуге Басқарма төрағасы-ректоры Сауле Сагинтаева, Директорлар Кеңесінің мүшесі және тәуелсіз директор, тағайындаулар мен марапаттау комитетінің төрағасы Ерлан Оспанов, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Али Мехтиев, стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Тимур Канапьянов, Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Алексей Калинин, Үздіксіз білім беру институтының басшысы Нұрлан Алтынбеков, «Радиоэлектроника және телекоммуникациялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Нұрбол Қалиасқаров және «Маркашейдер ісі және геодезия» кафедрасының аға оқытушысы Дмитрий Ожигин қатысты.
Сондай-ақ кездесуге Қытай бизнес өкілі Zhang Huaijie, Астанадағы AVIK халықаралық холдингі өкілдігінің директоры Ansagan Tapei және онлайн режимінде University of Electronic Science and Technology of China (UESTC) өкілдері Цзян Даган, Не Вэнькай және Гун Тин қатысты.
Тараптар пилотсыз ұшу аппараттары (дрондар) бойынша Халықаралық жазғы мектептің оқыту форматы мен мазмұнын, соның ішінде теориялық дайындық, дрондарды жинау бойынша практикалық сабақтар, кәсіпорындарға экскурсиялар, оқу тілі, студенттерді іріктеу, өткізу мерзімдері және қаржыландыру мәселелерін талқылады. Жоба студенттердің пилотсыз ұшу аппараттары саласындағы практикалық дағдыларын дамытуға және заманауи өндіріс процестерімен танысуға бағытталған, ал жазғы мектепке қатысу студенттерге халықаралық тәжірибе алуға және инженерия мен жоғары технологиялар саласындағы кәсіби құзыреттерін нығайтуға мүмкіндік береді.





