Қырғызстанға академиялық ұтқырлық бағдарламасына қабылдау ашық!


Құрметті студенттер!

Сіздерге академиялық ұтқырлықтың жаңа бағыты — Қырғыз Республикасының Бішкек қаласындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті им. И. Раззакова бағдарламасына қабылдау ашылғанын қуана хабарлаймыз.

Бұл — халықаралық білім беру тәжірибесін алып, академиялық көкжиегіңізді кеңейтіп, басқа елдің мәдениетімен танысуға тамаша мүмкіндік.

 

🎓 Қатысу шарттары:

Оқу — тегін

Тұру — студенттік жатақханадан орын беріледі

 

📅 Бағдарлама мерзімдері:

📌 Күзгі семестрдің басталуы: 2026 жылғы 1 қыркүйек

📌 Семестрдің аяқталуы: 2026 жылғы 19 желтоқсан

📌 Емтихан сессиясы: 2027 жылғы 15 қаңтарға дейін

 

⏳ Өтінім қабылдау мерзімі:

2026 жылғы 25 сәуірге дейін

 

📑 Онлайн өтінім беру үшін қажетті құжаттар:

  • Жеке куәлік
  • Шетелдік паспорт
  • Транскрипт (оқу туралы анықтама)
  • (сапалы скан-көшірме түрінде)

📄 Ресімдеуге қажетті құжаттар:

  • Жеке куәлік және шетелдік паспорт — 2 дана көшірмеден
  • Транскрипт
  • Медициналық анықтама 086-У (075/у), флюорографиямен
  • 3×4 көлеміндегі фото — 1 дана
  • Жіберуші университеттен номинациялық хат
  • Өтініш, келісім, сауалнама

⚠️ Назар аударыңыз:

Келгеннен кейін уақытша тіркеуден өту қажет

Міндетті медициналық сақтандыру полисін рәсімдеу керек

💰 Құны: 6 айға 5 955 сом

🚀 Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

 

Егер сіз шетелде бір семестр оқып, жаңа білім мен жарқын әсер алғыңыз келсе — өтініміңізді дәл қазір тапсырыңыз!

📩 Қосымша ақпарат алу үшін:

Халықаралық ынтымақтастық департаменті, 241 кабинет, бас корпус.

Без рубрики