Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!


Наурыз мейрамы – күн мен түн теңеліп, табиғат жаңарып, тіршілік қайта түлейтін, жаңару мен жаңғырудың бастауы саналатын ерекше мереке. Бұл – халқымыздың берекесі мен бірлігін айшықтайтын, ізгілік пен молшылықтың жарқын көрінісі.

Ұлыстың ұлы күні – татулық пен тұрақтылықтың, өзара сыйластық пен ынтымақтың символы. Аталған мереке ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеуге, мәдени және рухани құндылықтарымызды сақтап, оларды кейінгі ұрпаққа жеткізуге негіз болады.

Осы айтулы мереке әрбір шаңыраққа амандық пен береке, елімізге тұрақтылық пен өсіп-өркендеу әкелсін. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, табыс пен толағай жетістіктер тілейміз.

Ұлыс оң болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын!

Без рубрики