STU-де «Äz Nauryz» ұлттық спорттық ойындар және салт – дәстүрлер сайысы өтті


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің спорт кешенінде «Жас Орда» Жастар қауымдастығының ұйымдастыруымен «Äz Nauryz» ұлттық спорт ойындары мен салт-дәстүрлер сайысы өтті.

Іс-шараның мақсаты – ұлттық спорт түрлерін насихаттау, студент жастардың бірлігін нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу.

Сайыс аясында арқан тартыс, мас-рестлинг, асық ату, ләңгі тебу, қазақ күресі және жілік сындыру бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Жарысқа студенттер, оқытушылар және университет қызметкерлерінен құралған 10 команда қатысты.

Жарыс нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте жүлделі орындарға ие болған келесі командалар ақшалай сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды:

1орын – Тау-кен факультеті

2 орын – «Студенттер үйі» жатақханасы

3 орын – Инновациялық технологиялар колледжді

Сонымен қатар әр спорт түрі бойынша үздік қатысушылар да жеке марапаттарға ие болды.

Наурыз мейрамы аясында ұйымдастырылған спорттық шара студент жастар мен қатысушылар арасында достықты, өзара құрмет пен салауатты бәсекелестік мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ түркі халықтарының бай дәстүрлерін дәріптеуге ықпал етті.

Без рубрики