17 наурыз – Наурызнама аясында атап өтілетін Шаңырақ күні. Бұл күн Наурыз мейрамы қарсаңындағы маңызды күндердің бірі болып саналады және отбасы құндылықтарын, бірлік пен татулықты дәріптеуге арналған.
«Шаңырақ» – қазақ мәдениетінде отбасының, ошақтың және тұтастықтың, береке мен бірліктің символы. Осы күні әрбір отбасы ата-бабадан қалған асыл мұраларды еске алып, ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарды ұлықтайды. Баршаңызды Шаңырақ күнімен құттықтаймыз!
Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз кең, отбасыларыңыз аман болсын!
