14 наурыз – Көрісу күні: Амал мерекесі


Қазақ халқының көнеден келе жатқан мерекелерінің бірі саналатын бұл күн Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының бастауы саналады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші- қолаңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді.

Адамдардың бір-біріне деген құрметін, сүйіспеншілігін, ынтымағын арттыратын бұл мерекеде әрбір отбасы ұлттық тағам пісіріп, дастарқан жаяды. Жастар жағы үлкендерге арнайы барып сәлем беріп, мерекемен құттықтайды. Үлкендер тілегін айтып, ақ батасын берген. «Жыл басы – Наурыз мерекесі құт-береке әкелсін!», «Жаңа жасың құтты болсын!», «Еліміз тыныш болсын» деп ақ тілегін айтқан. Көрісу күні құтты болсын!

Без рубрики