Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Арх-24-2 тобының студенті Бақтыбай Айкүнім облыстық «Көктем Аруы — 2026» байқауында Гран-при иегері атанып, байқаудың басты тәжін жеңіп алды!


Аталған байқауға Қарағанды облысының әр университеті мен колледждерінен 10 үміткер қатысып, өз өнері мен шеберлігін көрсетті. Байқаудың басты мақсаты — студенттердің мәдени-шығармашылық белсенділігін арттыру және бос уақытын тиімді пайдалану.

Сондай-ақ байқауға университетіміздің тағы екі студенті қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Арх-21-1 тобының студенті Қалиақпар Жанерке «Креативті Ару» номинациясын иеленсе.

НД-22-1 тобының студенті Болат Аида «Өнерлі Ару» номинациясының жеңімпазы атанды.

Байқауға қатысқан барлық аруларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістіктер — олардың талантының, еңбегі мен шығармашылық әлеуетінің айқын көрінісі.

Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!

Без рубрики