Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алуға арналған кезекті диссертация қорғау сәтті өтті.


Сәулет-құрылыс факультетінің «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасының меңгерушісі Еділ Иманов «Техногендік қалдықтар негізінде жеңіл бетон өндірісінің энергия үнемдеуші технологияларын әзірлеу» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алуға арналған диссертациясын сәтті қорғады.

Ғылыми жұмыс «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» білім беру бағдарламасы бойынша орындалды.

Докторанттың ғылыми кеңесшісі – Сәулет-құрылыс факультетінің «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасының доценті Петр Кропачев.

Еділ Құттыбайұлын докторлық диссертацияны сәтті қорғауымен құттықтаймыз және алдағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына табыс тілейміз!

Без рубрики