02.03.2026 ж. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Инновациялық технологиялар колледжінің “Рахмет” волонтерлік ұйымы Алғыс айту күніне орай ерекше игі шара ұйымдастырды.


Волонтерлеріміз Қарағанды қаласының ПБ Қазыбек би атындағы полиция бөлімі қызметкерлерін және Ердос стоматологиялық клиникасы дәрігерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, қоғам игілігі жолындағы адал еңбектері үшін шынайы алғыстарын білдірді.

Қоғам тыныштығы мен халық денсаулығын сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген жандарға ризашылығымыз шексіз! Сіздердің еңбектеріңіз – құрметке лайық, қызметтеріңіз – мақтаныш.

Алғыс айту күні – мейірім мен ізгіліктің мерекесі. Жақсылық жасап жарысайық! ✨

[/su_custom_gallery]
Без рубрики