Кездесудің басты қонақтары Ауған соғысының ардагерлері Айтпай Мухтарович Жуматаев, Марат Нурмуханбетович Абильдинов және Серғали Жұмағұлұлы Тоқтабековтар болды. Тағылымы мол, жүрекке әсерлі бұл кездесу – ерлік пен өрліктің, батылдық пен отансүйгіштіктің жарқын көрінісіне айналды.
Шара барысында ардагер ағаларымыз майдан даласында бастан кешкен естеліктерімен бөлісіп, жауынгерлік достықтың қадірі, тәртіп пен жауапкершіліктің маңызы, Отан алдындағы борышы туралы терең ой қозғады. Ол кісілер соғыстың ауыртпалығы мен бейбіт өмірдің бағасын шынайы мысалдар арқылы жеткізді. Сонымен қатар колледжіміздің тарих пәнінің оқытушысы Рахат Рысбекұлы Несиповта қысқаша тарихи оқиғалардан үзінде айта кетті. Әрбір айтылған әңгіме бізге үлкен ой салып, тарихты құрметтеуге үндеді.
Кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасып, білім алушылар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, нақты әрі әсерлі жауаптар алды. Ардагерлер жастарға елін сүюге, білімді болуға, бірлік пен татулықты сақтауға шақырды.
Мұндай кездесулер – жас ұрпақтың бойында патриоттық рух қалыптастырып, елжандылық қасиеттерді арттыратын маңызды тәрбиелік шара. Батыр ағаларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды, олардың өнегелі өмір жолы әрдайым үлгі болып қала береді.
Ардагерлерімізге алғысымыз шексіз! Сіздерге зор денсаулық, амандық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Ерліктеріңіз ел жадында мәңгі сақталады!!!
Колледжімізде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай «Ауғаныстан ардагерлеріне тағзым!» атты кездесу өтті.
[/su_custom_gallery]

