«Тұранның тарлан тұлғасы»: ҚарТУ-да аймақтық ғылыми-теориялық дөңгелек үстел өтті


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Әлихан Бөкейхановтың туғанына 160 жыл толуына орай «Тұранның тарлан тұлғасы» атты аймақтық ғылыми-теориялық дөңгелек үстел өтті.

Шараны университеттің Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Б.Р. Нүсіпбеков ашып, қатысушыларға игі тілегін білдірді. Дөңгелек үстел барысында Қарағанды медицина университеті Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының профессор-ассистенті К.Ж. Әбдірахманова, Е.А. Бөкетов атындағы Ұлттық зерттеу университеті Археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Н.Б. Смағұлов, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры С.С. Қасымова.

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар — Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. қауымдастырылған профессор Зауре Қартова, аталған кафедраның аға оқытушылары Шолпан Темиржанова, Зауреш Нурлигенова және кафедраның профессор-ассистенті Б.Ғ. Нұғман баяндама жасап, өз ойларын ортаға салды. Іс-шараны «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Ш.М. Теміржанова жүргізді.

Әлихан Бөкейханов – көрнекті қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының көсемі, Алашорда үкіметінің төрағасы, сондай-ақ тарихшы, этнограф, ғалым және дарынды публицист. Оның өмірі мен қызметіне қатысты Е.А. Бөкетов атындағы Ұлттық зерттеу университетінің, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың және Қарағанды медицина университетінің студенттері өз пікірлерін білдірді. Дөңгелек үстел қорытындысында сөз сөйлеген қонақтар мен белсенділік танытқан студенттерге Алғыс хаттар табысталды.

Без рубрики