Кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында Saginov Technical University өкілдері Топар кентінде мектеп түлектерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға университет туралы жан-жақты ақпарат ұсынылып, білім беру бағдарламалары, оқу форматы, гранттық мүмкіндіктер мен қабылдау талаптары кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар кездесу аясында аудан мектептерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Құжат негізінде тараптар білім беру, кәсіптік бағдар беру және академиялық байланыстарды дамыту бағытында бірлесіп жұмыс жүргізетін болады.
Кәсіптік бағдар беру кездесулері келесі білім беру ұйымдарында өтті:
• Абай ауданы білім бөлімінің «Абай атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ
• Абай ауданы білім бөлімінің «Прокофий Корниенко атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
• Абай ауданы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ
Жалпы кездесуге 98 қатысушы қатысты. Іс-шара барысында түлектер университетке қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, болашақ мамандық таңдауға қажетті маңызды ақпаратпен танысты.
Кездесуге университет тарапынан Маркетинг және кәсіптік бағдар беру жұмысы бөлімінің жетекшісі Жанболат Ибрайбеков және «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының инженері Еркебұлан Нартбай қатысты.




