Ақпараттық технологиялар факультетінің СИБ-23-11 тобының 3-курс студенті Ольга Байракова Әлімхан Ермеков атындағы шәкіртақыға ие болды. Қазақтың тұңғыш профессоры-матемигі, мемлекет қайраткері және «Алаш» қозғалысының көшбасыларының бірі Әлімхан Ермеков атындағы шәкіртақы Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың 2–4 (5) курстың оқу, ғылыми-зерттеу және қоғамдық-саяси бағыттағы елеулі жетістіктерге жеткен студенттерге тағайындалады. Ольга Байракованы құттықтап, оқуда табыс тілейміз!
Әлімхан Ермеков атындағы шәкіртақының тағайындалуы көрнекті ғалым, мемлекет және қоғам қайраткерінің есімін есте сақтауға, оның ағартушылық, ұлттық намыс және халыққа қызмет ету идеалдарын Қазақстанның жаңа буынын ынталандыруға септігін тигізетіні сөзсіз. Биыл оның туғанына 135 жыл толып отыр, және Ә. Ермеков атындағы шәкіртақы болашақ ұрпақ үшін үлгі болып, маңызды мотивациялық құрал ретінде қызмет етеді.


