Saginov Technical University-де жас мамандарды жұмысқа жіберу мәселелері бойынша онлайн-кездесу өтті


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде жас мамандарды жұмысқа жіберудің жаңа қағидаларын түсіндіру мақсатында «Қаржы орталығы» АҚ өкілінің қатысуымен 2026 жылғы күтілетін түлектермен онлайн-кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алып жатқан – бакалавриат, магистратура және докторантура (PhD) барлық дайындық деңгейлерінің білім алушылары қатысты.

Іс-шараға сондай-ақ тау-кен факультетінің, сәулет-құрылыс факультетінің, металлургия және машина жасау факультетінің, көлік, логистика және инженерлік экономика факультетінің, ақпараттық технологиялар факультетінің, энергетика, автоматика және телекоммуникациялар факультетінің декандары қатысты. Онлайн-кездесу барысында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алып жатқан 2026 жылғы барлық түлектер қамтылды.

Без рубрики