Saginov Technical University – Ақтоғай ауданында


Қарағанды облысы бойынша жүргізіліп жатқан кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында STU өкілдері Ақтоғай ауданының 9–11 сынып оқушыларымен және колледж студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында болашақ талапкерлерге университет пен колледж туралы толық ақпарат беріліп, білім беру бағдарламалары, оқу форматы, гранттық мүмкіндіктер мен қабылдау талаптары жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар кездесу аясында аудан мектептерімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Келісім негізінде тараптар білім беру, кәсіптік бағдар беру және академиялық серіктестік бағыттарында бірлесе жұмыс жүргізетін болады.

Кәсіптік бағдар беру кездесулері келесі білім беру ұйымдарында өтті:

– Ақтоғай ауданы білім бөлімінің «Күләш Байсейітова атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ

– Ақтоғай ауданы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ

– Ақтоғай ауданы білім бөлімінің «Қазбек Нұржанов атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ

– Ақтоғай ауданы білім бөлімінің «Төлепберді Ақышұлы атындағы негізгі орта мектебі» КММ

– Ақтоғай ауданы білім бөлімінің «Әсет Болғанбайұлы атындағы негізгі орта мектебі» КММ

Жалпы кездесуге 101 оқушы қатысты. Шара барысында қатысушылар университет туралы өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, болашақ мамандық таңдауға қатысты пайдалы ақпарат алды.

Кездесуге университет тарапынан Маркетинг және кәсіптік бағдар беру жұмысы бөлімінің жетекшісі Жанболат Ибрайбеков, «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының инженері Еркебұлан Нартбай қатысты.

Без рубрики