Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде 20-27 ақпан аралығында жоғары оқу орындары студенттері арасында спорттың 14 түрінен өткен XIX облыстық спартакиада қорытындыланды.
Университет құрамасы жалпыкомандалық есепте құрметті II орынға ие болды. Бұл жоғары нәтижеге спортшылардың ұйымшылдығы, шеберлігі мен жеңіске деген ұмтылысы ғана емес, сонымен қатар студенттік спортты дамытуға бар күш-жігерін жұмсап жүрген дене тәрбиесі кафедрасының жаттықтырушылары мен оқытушыларының қосқан үлесі.
Спортшыларды салтанатты марапаттау рәсімінде Басқарма мүшесі – әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі проректор Абай Қалықов, Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Алексей Калинин және Дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі Рүстем Оқашев олардың еңбегін жоғары атап өтті.
XIX облыстық спартакиадада жүлделі орын алған командаларды дайындағаны үшін оқытушылар мен жаттықтырушыларға алғыс хаттар мен грамоталар табысталды:
- Николай Павлович Свяженинге
- Айбек Ерғалиевич Елеукешовке
- Ерлан Әбілқасұлы Оқасовқа
- Медет Қабдуллаұлы Мадияровқа
- Дархан Рымтайұлы Төлеуовке
- Серік Базылғаллыұлы Құжахметовке
- Вячеслав Николаевич Сайдуллинге
- Орынбек Нұртайұлы Елеукешовке
- Руслан Маратұлы Сәденовке
- Анастасия Павловна Ванчуринаға
- Вячеслав Андреевич Чженге
- Рустам Раисұлы Закиуллинге
- Ернұр Жақыпханұлы Исабаевқа
- Болат Қулашұлы Рахимбековке
- Гүлдана Алайдарқызы Қуатоваға
- Айгүл Сейілқызы Сейсеноваға
- Анжелика Вадимовна Соколоваға
- Мария Павловна Швецоваға
- Нұрбол Жанайдарұлы Тәжібайға
Сондай-ақ жүлдегер және жеңімпаз командалардың капитандарына грамоталар мен алғыс хаттар табысталды:
- Нариман Тохтағанға
- Надия Қайырбековаға
- Мөлдір Сейбуллаеваға
- Нұржан Құтжанға
- Владимир Скажутинге
- Владислав Самарскийге
- Әділет Балғажанға
- Кире Рапшқа
- Яна Депутовичке
- Максим Лавринюкке
- Юлия Лепекоршеваға
- Нұрбол Исаевқа
- Әлімжан Қыбышевке
Спартакиада жүлдегерлерін құттықтай отырып, оқуда, кәсіби қызметте және спортта жаңа жетістіктер тілейміз!





























