Хабарландыру Ш.З. Телбаеваның диссертациялық жұмысын қорғау туралы


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ (PhD) философия докторы дәрежесін алу үшін Телбаева Шынар Зарыкбековнаның 8D07103 «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша «Тау-кен  кәсіпорындарының  электр тұтынуын жедел бақылау әдістері мен алгоритмдерін зерттеу және әзірлеу» тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалады.

Қорғау тілі — орыс.

Диссертациялық жұмыс «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Өндірістік процестерді автоматтандыру», кафедрасында орындалды.

Ресми рецензенттер:

  1. Әлмұратова Нұргүл Қанайқызы – PhD докторы, доцент, «Жаңартылатын және баламалы энергия көздері» кафедрасының доценті, «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;
  2. Кабанбаев Айбек Батырбекович —  PhD докторы, 2. «X. Дулати атындағы Тараз университеті» КеАҚ «Автоматика және телекоммуникация» кафедрасының доцентінің м. а., Тараз қ., Қазақстан Республикасы.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Каверин Владимир Викторович – техника ғылымдарының кандидаты, «Өндірістік процестерді автоматтандыру» кафедрасының  қауымдастырылған профессоры, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ;
  2. Кокин Сергей Евгеньевич – техника ғылымдарының докторы, «Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н.Ельцин атындағы Орал федералдық университеті» Федералдық мемлекеттік автономды жоғары оқу орны Орал энергетика институтының  профессоры, Екатеринбург қ., Ресей Федерациясы.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Сивякова Галина Александровна – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, «Қараганды индустриялық университеті» «Жасанды интеллект технологиясы» кафедрасының профессоры, Темиртау қ., Қазақстан Республикасы;
  2. Малоземов Борис Витальевич — техника ғылымдарының кандидаты, доцент (ЖАК), Новосібір мемлекеттік техникалық университетінің электротехникалық кешендер кафедрасының доценті, Томск қ., Ресей Федерациясы.
  3. Каюмов Дамир Ирекович – PhD докторы, «Light Engineering LLP» ЖШС бас директоры, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы.

Қорғау: 2026 ж. 3 сәуір, сағат 14:00-де, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеаҚ-да  D07103 «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесте, 100027, Қарағанды қ.,  Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 56, бас корпусының 214 ауд. мекенжайы бойынша өтеді.  Қорғау Zoom платформасында (сәйкестендіру нөмірі 927 403 0863, кіру коды 1953) аралас режимінде өтеді.

Сайт мекен-жайы: www.kstu.kz

Диссертацияның мазмұны бойынша бейресми пікірлерді қорғауға одан әрі ұсыну үшін диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы Нұрмағанбетова Гүлім Сахитовнаға электрондық поштаға жіберу қажет, e-mail: g_sahitovna@mail.ru

Без рубрики