Saginov Technical University-нің Business Skills Park алаңында «Жетістік жолы – түлек тәжірибесі» атты кездесу өтті. Кездесу қонақтары қатарында «Қазатомпром» ҰАК» АҚ Ғылым департаментінің бас менеджері Жазира Аманкелдина, МНМ кафедрасының 3-курс докторанты, «Смит Центральная Азия» ЖШС ӨТБ инженері Шыңғыс Байбеков, PhD, т.ғ.к., Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының жетекші ғылыми қызметкері Аманкельды Ахметов және МНМ кафедрасының инженері Диана Арыстанова болды.
ҚарТУ-дің табысты түлектері өздерінің білім алу жолы, кәсіби қалыптасуы мен мансаптағы жетістіктері туралы тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттер көкейкесті сұрақтарын қойып, практикалық кеңестер алды.
Кездесу студенттерге болашақ мамандық таңдауда кәсіби бағыт-бағдар беріп, мазмұнды әрі мотивациялық алаңға айналды.






