Құрметті білім алушылар және әріптестер!
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті сіздерді 19 ақпанда «Политехник» кафесінде өтетін «Мансап Start» бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысуға шақырады.
Іс-шараға 3–4–5 курс студенттері қатыса алады. Студенттер өзекті бос жұмыс орындарымен танысып, өңірлік және республикалық компаниялардың өкілдерімен тікелей кездесу мүмкіндігіне ие болады. Бұл – мансап жолында алғашқы тәжірибені жинауға, кәсіби байланыстар орнатуға және өз мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған тамаша мүмкіндік.
Жәрмеңке барысында:
- Компаниялардың презентациялары мен таныстырылымдары;
- Ашық сұрақ-жауап сессиялары;
- Резюме дайындау бойынша кеңестер және кәсіби консультациялар;
- Кәсіби дағдыларды жетілдіруге арналған тренингтер мен мастер-класстар;
- Жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы жеке кеңестер.
Неліктен қатысу маңызды:
- Болашақ жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнату;
- Саладағы өзекті вакансиялар мен мүмкіндіктерді бірінші болып білу;
- Мансапқа қатысты тәжірибелі мамандардан кеңестер алу;
- Өз резюмеңізді компанияларға көрсету және кері байланыс алу.
Басталу уақыты: 10:30
Орналасқан жері: «Политехник» кафесі, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
Қатысушылар: 3–4–5 курс студенттері
Өз болашағыңызды бүгіннен бастап жоспарлаңыз! Манcапқа алғашқы қадамыңызды жасаңыз!