Алматыда ғылым мен жоғары білім саласының үздік өкілдері марапатталды


13 ақпанда Алматы қаласындағы Ғылым ордасы ғимаратында «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» және «Жоғары оқу орнының үздік ғылыми қызметкері – 2025» республикалық конкурстарының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

«Үздік ғылыми қызметкер – 2025» сыйлығы 50 ғалымға табысталды. Ал «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы 150 оқытушыға берілді. Конкурс барысында электрондық білім беру ресурстарын және оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу мен жариялау, отандық және халықаралық ғылыми журналдардағы жарияланымдар, патенттер және өзге де ғылыми нәтижелер бағаланды. Оқыту сапасы мен кадр даярлау ісіне қосқан үлеске ерекше назар аударылды.

Нәтижесінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 13 оқытушысы байқау жеңімпаздары қатарынан көрінді. Бұл – ҚарТУ профессор-оқытушылар құрамының жоғары кәсібилігі мен біліктілігінің айқын дәлелі. Ерекше атап өтерлігі, Қарағанды облысынан іріктелген 20 жеңімпаздың 13-і біздің университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы өкілдері болуы – университет абыройын асқақтатқан зор жетістік.

Біздің жеңімпаздар:

Ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 15 жылдан астам:

Жаркевич Ольга Михайловна — «Технологиялық жабдықтар, машина жасау және стандарттау» кафедрасының профессоры, т.ғ.к. Саттарова Гульмира Сапаровна — «Өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD. Исабек Тұяқ
Көпейұлы —«Пайдалы қазбалар кенорындарын өндіру» кафедрасының профессоры, т.ғ.к.
Мадишева Рима Көпбосынқызы — «Геология және пайдалы қазба кен орындарын барлау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD. Сулеев Бахтияр Даниярович —
Ғылым және инновациялар департаментінің директоры, қауымдастырылған профессор, PhD.
Куликов Виталий Юрьевич — «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының профессоры,т.ғ.к.
Рахимов Мурат Аманжолович —
«Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасының профессоры,
т.ғ.к.
Квон Светлана Сергеевна —
«Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының профессоры,
т.ғ.к.
Зейтинова Шолпан Бекжигитовна —
«Пайдалы қазбалар кенорындарын өндіру» кафедрасының қауымдастырылған профессоры,
PhD.

Ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 15 жылдан аз:

Маусымбаева Алия Думановна — «Геология және пайдалы қазба кен орындарын барлау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры,т.ғ.к., PhD. Рабатұлы Мұхаммедрахым —
«Пайдалы қазбалар кенорындарын өндіру» кафедрасының қауымдастырылған профессоры,
PhD.
Мусин Айбек Абдукалыкович — «Пайдалы қазбалар кенорындарын өндіру» кафедрасының қауымдастырылған профессоры,
PhD.
Матаев Азамат Қалижанұлы — «Пайдалы қазбалар кенорындарын өндіру» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD.

Сонымен қатар, университетіміздің қауымдастырылған профессоры, PhD Алтынай Амангелдіқызының дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атануы – жас ғалымдарымыздың да ғылым кеңістігінде лайықты орын алып келе жатқанын көрсетеді.

Алтынай Амангелдіқызы — «Геология және пайдалы қазба кен орындарын барлау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD.

Құрметті әріптестер, сіздерді жоғары марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – кәсібилік пен ғылымға адал қызметтің лайықты жемісі. Ғылыми ізденістеріңіз табысты болып, білім мен ғылым жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағалана берсін!

Без рубрики