Сіздерді Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен бұл күн әйелдердің ғылымға тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге және олардың ғылым мен инновация саласындағы маңызды рөлін айқындауға бағытталған.
Ресми деректерге сәйкес, Қазақстандағы зерттеушілердің 54 пайызын әйелдер құрайды. Нәзік жандылардың ғылыми қызметке белсенді қатысуы білікті зерттеушілердің қалыптасуына, жаңа мүмкіндіктердің ашылуына және ғылыми бастамалардың дамуына зор үлес қосуда.
Осы орайда, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің әйел ғалымдары мен зерттеушілерін айтулы мерекемен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, жаңа ғылыми жетістіктер мен толағай табыс тілейміз!