Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында STU өкілдері Абай қаласының мектеп оқушыларымен кездесу өткізіп, талапкерлерге университет туралы толық әрі жан-жақты ақпарат ұсынды. Сондай-ақ білім беру бағдарламалары, оқу форматы, гранттар мен қабылдау талаптары кеңінен түсіндірілді.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы төмендегі білім беру ұйымдарында жүргізілді:
- «Қасым Аманжолов атындағы ЖББМ» КММ
- «Қаныш Сәтбаев атындағы қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ
- «Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясы» КММ
- «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы» КММ
- «Нұркен Әбдіров атындағы Тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ
- «Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-лицейі» КММ
Жалпы 190-нан аса оқушымен кездесу өтті. Олар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, болашақ мамандық таңдауға қажетті ақпарат алды.
Кездесуге университет тарапынан Маркетинг және кәсіптік бағдар беру жұмысы бөлімінің жетекшісі Жанболат Ибрайбеков, «Механика» кафедрасының оқытушысы Гүлбану Рахымбаева, Маркетинг және кәсіптік бағдар беру жұмысы бөлімінің әдіскері Дильназ Бекмолла қатысты.


