Бикамерализмнен монокамерализмге: әлемдік тәжірибе және Қазақстанның саяси жаңғыруы


Saginov Technical University-нің 2-3 курс студенттеріне арналған «Бикамерализмнен монокамерализмге: әлемдік тәжірибе және Қазақстанның саяси жаңғыруы» тақырыбында ашық дәріс өтті.

Дәрістің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның мәнін сараптамалық тұрғыда түсіндіру, оны әлемдік тәжірибемен салыстыру және студенттерді ашық пікірталасқа тартып, тұтас әрі сыни көзқарасын қалыптастыру.

Іс-шара «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушылары тарапынан ұйымдастырылды. Дәрістің спикері – шақырылған сарапшы, PhD докторы, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Айгүл Бейсенова.

Дәріс барысында Қазақстан Республикасындағы парламенттік және конституциялық реформалардың мәнін ашатын терең аналитикалық шолу ұсынылды. Спикер әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, екі палаталы парламенттен бір палаталы парламентке көшу үдерісін және оның елдің саяси жүйесі үшін маңызын жан-жақты түсіндірді.

Күрделі тақырыптың қолжетімді түрде баяндалуы мен мазмұнды презентация аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды. Дәріс нәтижесінде мазмұнды пікірталас өрбіп, студенттер тарапынан өзекті сұрақтар қойылып, тақырыпқа деген жоғары қызығушылық пен белсенділік байқалды.

Без рубрики